Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грузияда алғашқы дала госпиталі коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:57

ТБИЛИСИ. -ҚазАқпарат – Тбилиси шетіндегі Дигоми шағын ауданында алғашқы дала госпиталі коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Бұл туралы бүгін журналистерге Грузияның Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Тамар Габуния мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge-ге сілтеме жасап.

«Осындай қажеттілік туғаннан кейін кеше кешке далалық госпиталь жұмысын бастады. Ол жерге тоғыз науқас жатқызылған, барлығының жағдайы орташа ауыр. Госпиталь бүгіннен бастап толық жүктемемен жұмыс істей бастайды», - деді Габуния.

Ол далалық госпитальдің науқастарды уақытша орналастыру үшін дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, науқастар осында түскеннен кейін 2-3 күн өте ковид отель немесе ауруханаға ауыстырылуы керек.

«Біз үшін ең маңыздысы – науқастардың жағдайын дер кезінде тұрақты ету, артынша олардың жағдайына қарай тиісті жерге ауыстыру. Меніңше науқастар дала госпиталінде 2-3 күннен артық қалмауы керек», - деді Габуния.

Жалпы Дигомидегі дала госпиталі 500 адамға арналған. Ол өкпені жасанды желдету аппараты және оттегі цистерналарымен жабдықталған. Елдің Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, орталықты жасақтауға 150 мың лари кеткен.

Бұған дейін министрлік дала госпиталі тек жағдайы орташа ауыр және ауыр емес науқастарды қабылдайтынын мәлімдеген болатын. Тикарадзенің сендіруінше, осында жұмыс істейтін медициналық ұжым арнайы дайындықтан өткен, жұмысқа жарамды.

Самгори ауданында тағы бір далалық госпиталь жабдықталған. Алайда оны іске қосу әзірге жоспарда жоқ. Осындай пункттер жақын арада Ажария мен Имеретияда пайда болуы мүмкін.

Грузияда коронавирустың төртінші толқыны өтіп жатыр. Елдегі орташа тәуліктік көрсеткіштер эпидемияның басынан бергі барлық рекордты жаңартты. Ауруханалардағы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бөлімшелер толық.

Жалпы қазіргі кезде елде 59 мың науқас бар. 48,9 мың науқас үйде емдеріп жатыр, оларды отбасылық дәрігерлер бақылауға алған. Стационарларға келетін болсақ, Грузия ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған барлық 7 650 төсек-орынның 412-сі ғана бос.


Жоғары қарай