Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грузияда қаза тапқан бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен оның туысы ұсталды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 09:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісі бойынша оның туысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша күдіктіні ұстады.

М. Мейірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы - адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Мейірбеков полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша изоляторға қамалған.

Істің мән-жайын анықтайтын жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған.

Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды.

Хабарламада «күдікті қызды зорлап, артынан өлтіремін деп қорқытқан» делінген. Ауыр күйзеліске түскен азаматша өз-өзіне қол жұмсаған.

Күдікті 6 мамырда ұсталды.


Басты сөздер: Оқиға, Грузия, Заң, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай