Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грузияда коронавирустың бесінші толқыны басталды

2021 жылдың 18 қазан 2021 01:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Грузия коронавирус инфекциясының бесінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауд Арабиясы әуежайлардың толық өткізу қабілеттілігін қалпына келтірді. Патшалық бұған дейін «халықты иммундау және коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының төмендеуіне байланысты көптеген шектеудің жойылатынын» жариялаған болатын.

Грузия коронавирустың таралуының бесінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды вакцина алуға тағы да үндеді. Әзірге коронавирус вакцинасының екі компонентін 900 916 адам алды, бұл республика халқының 24,2% құрайды.

Вьетнам халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау үшін «Спутник V» қолдана бастады. Препарат Хошиминдегі үш егу пунктіне жеткізілді. 2022 жылдың маусымына дейінгі кезеңде Вьетнамға Ресей тікелей инвестициялар қоры мен екі вьетнамдық компания арасындағы үшжақты келісім бойынша «Спутник V» вакцинасының 40 млн доза жіберіледі.

Жоғары қарай