Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Грузияға 30 мың долларды алып кетпек болған адам ұсталды

2022 жылдың 27 мамыр 2022 00:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 мың АҚШ долларын шекарадан заңсыз алып өтпек болған адамның жолы кесілді. Ол Ақтау – Тбилиси бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып кетпек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіні сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал жасалды.

Айта кетейік, ел Президентінің биылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын; Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.


Жоғары қарай