Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Гүлбану Абдулина карантинді жеңілдету туралы: Жауапкершілікті сезіну керек

2020 жылдың 14 тамыз 2020 22:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адамға жақындары, туған-туыс пен айналасындағы адамдар қымбат болса - коронавирус індетіне қатысты жағдайда жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл туралы әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдулина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамға жақындары, туған туыс пен айналасындағы адамдар қымбат болса - коронавирус індетіне қатысты жағдайда жауапкершілікті сезінуі керек. Бар болғаны - жауапкершілік сезіну керек. Мен ересек адам болғандықтан бұл індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсініп, жақындарым үшін уайымдаймын. Олардың ауырып қалғанын қаламаймын. Әр адам жақындарына қатысты осылай уайымдаса - тәртіпке бағынады», - дейді әнші Гүлбану Абдулина.

Сондай-ақ, ол жағдайдың дұрысталуы басшылықтың дұрыс шешім қабылдауына да байланысты екенін айтты.

«Бұл мәселеде әркім өзіне жауапкершілік алуы керек. Билік дұрыс шешім қабылдаса - біз әрдайым қолдаймыз», - дейді ол.

Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.



Жоғары қарай