Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Гүлмира Базарбаева: Тәуелсіздік - халықтың тойы, қалың қазақ, алты алаш туған күн

2021 жылдың 6 қаңтар 2021 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының депутаты, Байқоныс орта мектебінің директоры Гүлмира Базарбаева осылай дейді.

«Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп - жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс» делінген. Расында Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой» дейді мәслихат депутаты.

Оның айтуынша, еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.

«Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп-ақ. Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асыратын - білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақ, яғни, біз жұмыла еңбек етуге тиіспіз. ХХІ ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай. Таяудағы жүзжылдық, әрідегі мыңжылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін қорғайтын елдігі мен еңбегі баянды болғай» дейді Гүлмира Базарбаева.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялаған болатын.


Жоғары қарай