Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы өзінің берген өтінішіне сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын 1991 жылы бастады.

1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесішісі болды.

2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды.


Басты сөздер: ҚР АШМ,
Жоғары қарай