Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Гвиней шығанағында түрік кемесіне қарақшылар шабуылдап, 15 теңізші тұтқынға алынды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 09:30

АНКАРА. ҚазАқпарат – Қарақшылар Гвиней шығанағында Либерия туы астында кетіп бара жатқан түркиялық MOZART контейнер тасымалдаушысына шабуылдап, 15 экипаж мүшесін тұтқынға алды.

Бұл туралы жексенбі күні Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, қарақшылық шабуыл сенбі күні кеме Сан-Томе қаласынан 160 км қашықтықта кетіп бара жатқанда жасалған. Нәтижесінде экипаждың 19 мүшесінің 15-і құтқындалды, 1 адам құрбан болды.

Құрбан болған азаматтың Әзербайжан тумасы екені анықталды. Түркия Президенті Тайип Ердоған қарақшылар басып алған контейнер тасымалдаушы кеме капитаны Фуркан Яренмен телефон арқылы екі рет сөйлесті.

Түркия басшысына кеменің бортта аман қалған 3 теңізшімен бірге Габонға қарай кетіп бара жатқаны айтылды.

Ел президенті жағдайды жіті бақылап отыр және ол тұтқынға алынған азаматтарды құтқару үшін қодан келгенннің бәрін істеу туралы тапсырма берді.

Бұған қоса, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесіп, құрбан болған теңізшіге байланысты көңіл айтты. Тұтқындалған экипаж мүшелерін іздеу жұмыстарына Түркияның көршілес елдердегі елшіліктері де жұмылдырылды.



Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Әлем, Түркі елдері, Оқиға,
Жоғары қарай