Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халық санағы басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау түскен

2021 жылдың 27 қазан 2021 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халық санағы басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық санағын өткізу кезінде азаматтармен шұғыл кері байланыс орнату мақсатында құрылған орталық өз жұмысын 8 қарашада аяқтайды.

27 қазанға дейін орталық 58455 қоңырауға жауап берген. Яғни, орта есеппен күніне 1045 азамат хабарласты.

Бір тәулікте қабылданған қоңыраулардың саны 1851-ге дейін барған.

Тәулік бойы жұмыс істеу үшін байланыс орталығына санақ өткізу әдістемесі және шараға қатысты қолданылатын бағдарламаларға қатысты оқытылған мамандар мен қосымша қызметкерлер жұмылдырылды.

Орталық операторлары үш ауысымда қызмет атқарды. Қоңыраулар тәулік бойы келіп түсуде: мәселен, 10 қыркүйекке қараған түні азаматтар сағат 4:44-ке дейін хабарласқан.

Араға біраз ғана уақыт салып, қоңыраулар легі таңғы 5:32-ден бастап ағылған.

Көбінесе байланыс орталығына жүгінген азаматтар sanaq.gov.kz сайтына тіркелу, арнайы кодты енгізу сауалдары бойынша хабарласты.

Сондай-ақ, санақтан өткені туралы хабарламаны алу мерзімдері, халық санағының әдістемесіне қатысты сұрақтар да жиі түскен.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтіп жатыр.

Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған.


Жоғары қарай