Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін уақытша тоқтатты

2020 жылдың 8 сәуір 2020 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 2020 жылдың 6 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирлерін тоқтатты. Бұл туралы шешім Спортшылар комиссиясы және аймақтық ұйым президенттерімен келісілген соң қабылданды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осы уақыт аралығында қандай да бір жарыстарда тіркелген нәтижелер Токио-2020 ойындарына ұпай бермейді және әлемдік рейтингтерге енбейді. Әлемдегі жағдай реттелген соң Олимпиадаға іріктеу турнирі 2020 жылдың 1 желтоқсанынан басталып, 2021 жылғы Олимпиада ойындарына дейін жалғасады.

«Мен осындай қиын кезеңде жұмыс атқарған баршаңызға рахмет айтамын. Олимпиадаға іріктеу турнирінің уақытша тоқтатылуы спортшылардың жаңадан күш жинауына көмектеседі. Қазір бар әлем шекарасын қымтап жатқан шақта турнир өткізу қиын», - дейді федерация басшысы Себастьян Коэ.
Жоғары қарай