Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2020 жылдың 27 қазан 2020 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егерде Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтері» халықаралық конкурсына қатыса аласыз» делінген хабарламада.

Бұған дейін ведомство хабарлағандай , ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды көтермелеуге бағытталған.

26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды.

Конкурсқа қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтінішті жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыру керек.

Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша күні сағат 09:00-ге дейін жалғасады.

Байқау шарттары туралы толық мәлімет мына сілтемеде көрсетілген.


Басты сөздер: Волонтер, Қоғам,
Жоғары қарай