Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халыққа қызмет көрсету орталығы дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосады

2021 жылдың 8 шілде 2021 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа қызсмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды жеткізу жобасы бүкіл Қазақстан аумағында қолжетімді болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшылығы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы біз 16,4 млн қызмет көрсеттік. Яғни, статистика бір қызметті ХҚКО-ға бір өтініш ретінде есептейді. Іс жүзінде, бір қызметті алу үшін клиент ХҚКО-ға өтініш беру үшін және нәтижені алу үшін екі рет жүгінеді. Бұл бөлімшеге қосымша жүктеме жасайды. Азаматтардың қайта жүгінуін болдырмай, кезекті азайту мақсатында үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске асырылды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер сервис механизмі қарапайым екенін түсіндірді: құжаттың дайындығы бойынша тұрғынға бірегей сілтемесі бар SMS келеді.

Сілтеме бойынша өтіп, мекенжайды көрсетіп, 970 теңге төлеу қажет, құжат күнбе-күн жеткізілетін болады.

«Пилоттық жобаның бір жарым айында 1 200-ден астам құжат жеткізілді. Жақын арада жоба бүкіл Қазақстан бойынша кеңейтілетін болады», - деп атап өтті Сүйеніш Әбділдин.


Жоғары қарай