Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» 27 ақпанда Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын астана уақытымен сағат 17.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 19 қарашасында елордада өткен ойында «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін 23 желтоқсанда елордалық клуб Ресейде аталған қарсыласын 3:1 есебімен сүріндірсе, 2021 жылдың 16 ақпанында елордада овертаймда 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойынның үшеуінде қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.
Екі команда бұған дейін 62 мәрте шеберлік байқасты. Оның 40-ында «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Авангардтың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 190 шайба соқса, өз қақпасына 148 гол жіберіп алды.
«Барыс» соңғы 10 кездесудің 4-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 59 ойыннан кейін 69 ұпаймен 11-орында келеді.
Ал «Авангард» соңғы 10 ойында 3 рет жеңілді. Турнир кестесінде 59 ойыннан кейін 82 ұпай жинап, 4-орында тұр.
Айта кетейік, бұл - елордалық клубтың құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы тур ойыны. Бұдан кейін плей-офф кезеңіндегі ойындар басталады.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасынан басым түсті.