Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Хоккей: ҚР Президенті Кубогына қатысатын командалар белгілі болды

2020 жылдың 29 маусым 2020 22:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан Президенті Кубогы ойындарына қатысатын командалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кубок ойындары 7-11 тамызда өтетіні жоспарланған. Оған елордалық «Барыстан» өзге Оңтүстік Корея құрамасы, Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) және Беларусьтің «Динамо» (Минск) командалары қатысады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетелік, аталған дүбірлі дода 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Турнирде «Барыс» 2010, 2011, 2013, 2015 жылдарда чемпион атанды. Сондай-ақ, Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Авангард» (Омбы), «Металлург» (Новокузнецк), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Амур» (Хабаровск) клубтары әр жылдарда жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Тамыз айында Қазақстан Президенті Кубогы ойындары өтетінін бұған дейін хабарлаған едік.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай