Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Хоккей: «Сарыарқаның» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 01:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» командасы жоғары хоккей лигасы плей-офф сатысының бірінші кезеңінде Ресейдің СКА-«Нева» (Санкт-Петербург) клубымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары хоккей лигасы тұрақты біріншілігінде «Сарыарқа» 71 ұпаймен екінші конференцияда бесінші орын алды . Ал бірінші конференцияда төртінші орынға тұрақтаған ресейлік клубтың еншісінде 86 ұпай бар.

Ойындар сериясы төрт жеңіске дейін созылады. Кездесулер 22, 23, 26 және 29 ақпан күндеріне белгіленген. Қажет болған жағдайда 1, 4 және 7 наурыз күндері ойындар өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, «Сарыарқа» плей-офф кезеңінің бас жүлдесі - Петров кубогына былтыр қол жеткізді. Қарағандылық хоккейшілер 2019 жылы финалда Тюмень қаласының «Рубин» командасынан басым түскен болатын.

Сондай-ақ, 2014 жылы да сондай жетістікті бағындырды. 2013 жылы финалға дейін жетті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай