Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды

2020 жылдың 13 қараша 2020 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергенге жаңа ән жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әннің аты – «Мен сені сағынып жүрмін» (Я скучаю по тебе). Әннің сөзін Игорь Крутоймен бірге композитордың досы Игорь Николаев жазып шыққан.

«Игорьмен бірге бірлескен туындыны шығармағалы біраз уақыт болып қалды. Бірақ қазір тағы да шығармашылық қоңыраулар, түзетулер, уайым мен естегі ескі күндердің жаңғырығы... Димашпен де сол шаруа – дауыс ырғағын анықтау жұмыстары. Елдегі ең танымал (біздің елдегі ғана емес) дауыс иесі Димашты күту... Осы әннің тағдыры жарқын, ал оған сүйенген махаббат иелері бақытты болар деген сенімдемін», - деп жазады Игорь Крутой instagram парақшасында.



Жоғары қарай