Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ІІМ: Қоғамдық бақылау комиссиялары қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемелеріне кедергісіз кіре алады

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтардың басындағы тәртіпсіздіктерге байланысты ұсталғандардың құқығын қорғау үшін құрылған қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемелеріне кедергісіз кіре алады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингіде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай тәртіпсіздік барысындағы қылмыстары үшін қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріне 731 адам жеткізілді. Оның ішінде 20-сы соттар және прокуртура органдарының шешімімен үйқамаққа алуға немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында 711 адам бар. Олардың бәрі соттардың санкциялары негізінде ұсталған», - деді ресми өкіл.

Сонымен бірге, ол азаматтар құзырлы органдар шығарған бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда прокуратура органдарына жүгіне алатынын еске салды.

«Айта кету керек, Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комисиялары өкілдерінің қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемелерінде кедергісіз кіру мүмкіндігі бар.

Бұл ретте адвокаттарды өз қорғаушыларына жіберу және сәлемдемелерді беру әдеттегі режимде жүзеге асырылады. Барлық өңірлердің коронавиурс инфекцияларымен сырқаттану деңгейі бойынша «қызыл» аймақта орналасқанын ескере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар қатаң сақталады. ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде және өңірлік департаменттердің бәрінде Call-орталықтар ұймыдастырылған. Осы орталыққа тергеудегі адамдар жайында және басқа да мәселелер туралы ақпарат алу үшін жүгінуге болады. Call-орталықтар адвокаттар да хабарласа алады», - деді Нұрділдә Ораз.


Жоғары қарай