Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр атлет Ильин Илья ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Илья Александрович Ильин ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалған. Бұл туралы спортшының Instagram-парақшасында жазылған.

Еске салайық, биылғы қыркүйек айында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған болатын.

И.Ильиннің негізгі қызметі - Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.




Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Білім, Спорт,
Жоғары қарай