Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Іле-Алатауы ұлттық паркінде 130 мың ағаш отырғызылады

2021 жылдың 23 қараша 2021 14:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Іле-Алатау ұлттық саябағында экологиялық қозғалыс белсенділері 130 мыңға жуық ағаш отырғызбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлім басшысы Салтанат Өсербаеваның айтуынша, ұлттық парк аумағындағы 47 гектар жерге 130 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарда.

«Экологиялық қозғалыс бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Іле-Алатау паркінде жыл сайын волонтерлер белсенді қатысатын іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Біздің шараларға қатысатын еріктілер табиғатты сақтауға өз үлестерін қосып жатыр. Олар: мектеп оқушылары, университет студенттері және қарапайым азаматтар»,- дейді Салтанат Өсербаева.










Сонымен қатар, ол табиғатты қорғау акцияларына екі жүзге жуық адам қатысатынын тілге тиек етті.

«Шаралардың басты мақсаты – табиғатты қорғау. Еріктілердің саны науқанның ауқымына байланысты. Кейбір акцияларға екі жүзге жуық адам қатысады», - дейді ол.












Жоғары қарай