Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Илон Маск әлем тарихындағы ең бай адам болды

2021 жылдың 27 қазан 2021 14:31

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Дүйсенбіде Tesla компаниясының нарықтық капитализациясы 1 триллион доллардан асты. Ал компанияның бас директоры Илон Масктың әлем тарихындағы ең бай адам атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes журналына сілтеме жасап.

Forbes дүйсенбі күнгі қор биржасының жабылуында Маск активтерінің таза құнын 271,3 млрд долларға бағалады, бұл Tesla акцияларының 13 пайызға қымбаттауына байланысты жұма күнгі жабылумен салыстырғанда шамамен 41,7 миллиард долларға көп. Оның таза капиталы бір күнде 41 миллиард доллардан астам өсті. Илон Масктың дәулеті 300 миллиард долларға жақындады.

Ал салыстыра кетсек, Amazon компаниясының негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры Джефф Безос осы айдың басында Forbes 400 нұсқасы бойынша Американың ең бай адамдарының рейтингісінде көш бастаған болатын. Оның байлығы 201 миллиард долларға бағаланды. Шілдеде Безостың дәулеті 212 миллиард доллардан асты.

Айта кетерлігі, Forbes алғаш рет 1982 жылы миллиардерлердің дәулетін бақылай бастады. Сол кезде Америкадағы ең бай адам кеме магнаты Дэниел Людвиг болды, оның байлығы 2 миллиард доллар немесе қазіргі бағамен 5,5 миллиард доллар болған еді.

Tesla-дағы Масктың 21 пайыздық үлесі (несиелік міндеттемелерді есепке алмағанда) оның байлығының негізгі бөлігі, бірақ ол 2002 жылы құрылған жеке SpaceX компаниясында миноритарлық үлеске ие. Жақында бизнесті инвесторлар 74 миллиард долларға бағалады. Оңтүстік Африкада туған миллиардер өз байлығына қарамастан, салыстырмалы түрде қарапайым жағдайда тұрып жатыр. Масктың негізгі резиденциясы Техас штатының Бока-Чика қаласында көлемі бір бөлмелі пәтердей ғана үйді жалға алған. Сол штатта SpaceX өзінің Starships ғарыш кемесін шығарады. Маск Техаста біржола қоныстануы мүмкін. қазан айының басында Tesla-ның штаб пәтерін Пало-Альтодан Остинге көшіру жоспары бар екенін жариялаған болатын.


Авторы Жанна Нұрмағанбетова


Басты сөздер: АҚШ, Әлем,
Жоғары қарай