Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Илон Маск әуе кемесі екінші рет ұшырылмақ - тікелей трансляция болады

2020 жылдың 30 мамыр 2020 21:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты 27 мамыр күні ұшуы кейінге қалдырылған Space X жекеменшік компаниясының Falcon 9 зымыран тасымалдағышы 2020 жылдың 30 мамырында әуеге көтерілмек. АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңындағы тарихи сәт Нұр-Сұлтан уақытымен 31 мамыр күнгі сағат 01-22 минутта болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Илон Масктің жаңа кемесімен Халықаралық ғарыш стансасына NASA астронавтары - 49 жастағы Роберт Бенкен мен 53 жастағы Дуглас Херли аттанбақ. Crew Dragon кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі 31 мамырға жоспарланған.


Space X компаниясының ақпаратына қарағанда, кеме әуеге көтерілуге 4 сағат қалғанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21-22-де компанияның ресми сайтында тікелей көрсетілім басталады.

Флорида билігі коронавирус індетіне байланысты Кеннеди Ғарыш орталығына баратын жолдардың барлығын жауып тастаған. Ал NASA ғарыш айлағы маңындағы бақылау алаңдарын жауып отыр.

NASA басшысы Джим Брайденстайннің ғарыш кемесін ұшыру сәтін үйде отырып-ақ онлайн режимде тамашалауға болатындығын мәлімдеуіне қарамастан қазірдің өзінде 150 мыңнан астам адам Флориданың тақау саяжайларына келіп алған.


Авторы: Сара Қабиқызы
Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Әлем, Ғарыш,
Жоғары қарай