Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Індетпен күресіп жүріп көз жұмған шымкенттік 9 дәрігер орденмен марапатталды

2020 жылдың 15 шілде 2020 16:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте коронавирус эпидемиясымен күресте кәсіби борышын атқару кезінде қаза тапқан тоғыз дәрігер «Құрмет», «Парасат», «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік награданы қала әкімі Мұрат Әйтенов марқұмдардың отбасына арнайы барып табыстады. Бұдан бөлек, әр отбасына материалдық көмек ретінде «Қайырымды қала» қорынан қаржы берілді.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан қала басшысы қызметтік борышын үлгілі атқарып, халық денсаулығын сақтауда табанды еңбек еткенін ерекше атап өтті.










Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күні қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін медицина саласының марқұм болған бірқатар қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.







Марапат иелерінің қатарында ауруханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері, бөлім меңгерушілері, инфекционистер, сонымен қатар медициналық жедел жәрдем станциясының дәрігерлері бар.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

- Қалалық диагностикалық орталық дәрігері Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы

- Қалалық диагностикалық орталық дәрігері Мамаев Хасым Махмудович

- №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы

- №8 қалалық емхана аға медбикесі Әлмаханова Қафиза Батырханқызы

- №1 қалалық клиникалық аурухана аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы

- Жедел медициналық жәрдем станциясы фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы.

«Парасат» орденімен марапатталған:

- №1 қалалық клиникалық аурухана бөлім меңгерушісі Абдикулова Мариям Қабылбекқызы.

І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:

- № 1 қалалық емхана терапия бөлімінің меңгерушісі Тажденова Ағзипа Насырқызы.

ІІІ-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:

- №1 қалалық клиникалық аурухана бөлім меңгерушісі Садиев Орынбасар Алипбекұлы.


Жоғары қарай