Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Интернет алаяқ аккаунттардың көшірмесін жасап, достарынан ақша сұраған

2021 жылдың 26 қыркүйек 2021 00:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде алаяқтық жасау күдігімен Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін елордалық полицияға жүгініп, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде белгісіз адамның алдау әрі сеніміне кіру арқылы 15 мың теңгесінің алып қойғанына шағымданған. Қазіргі уақытта алаяқтың әлеуметтік желі пайдаланушының парақшасын дәлме-дәл көшіріп алып, достарынан электронды төлем арқылы шұғыл ақша аударуларын өтінген. Күдікті өзге біреудің атынан оның достарына қиын жағдайға тап болғанын айтып, 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін қарыз ақша алған.

«Азаматтардың көпшілігі қақпанға түсіп қалып, алаяқтың құрбанына айналған. Бүгінде алаяқтық фактісі бойынша 20-дан астам адам елордалық полицияға жүгінді. Келтірілген шығынның нақты көлемі анықталып жатыр. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында 27 жастағы ер адам алаяқтық жасау күдігімен ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындап отыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалған», - деп атап өтеді департаменттен.


Жоғары қарай