Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 36 млн теңгесінен айырылып қалды

2021 жылдың 4 тамыз 2021 02:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 36 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына хатшылық арқылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Қызылорда қаласының тұрғыны «Iphone» ұялы телефондарын алып келемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 36 млн теңгесін иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.


Жоғары қарай