Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды

2021 жылдың 14 қазан 2021 11:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иранда халықтың 46,8 миллионнан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде COVID-12 жұқтырудың 12 298 жаңа жағдайы анықталды, 1 699 адам ауруханаға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы пандемиясынан қайтыс болғандар саны 123 275-ке жетті. Өткен тәулікте 194 науқас қайтыс болды. Шенеуніктер COVID-19 жұқтырған 5 026 пациент интенсивті терапия бөлімшелерінде ауыр халде жатқанын айтады. Қазіргі уақытта 46 809 100 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.

АҚШ-та тұрғындардың 77% коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. Көптеген компаниялар вакцинация мандатын қабылдағаннан кейін COVID-19-ға қарсы вакцинация деңгейі 20% астамға өсті. Сонымен бірге, індетті жаңадан жұқтыру фактілері мен өлім-жітім азайды, деп хабарлады Ақүйдің пандемияға қарсы үйлестірушісі Джефф Зайенц. Екпе мандаттарын жеке кәсіпорындар, денсаулық сақтау жүйелері, әлеуметтік мекемелер, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары енгізді.


Жоғары қарай