Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранда физик ғалымға қастандық жасалды

2020 жылдың 28 қараша 2020 15:11

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иранда лаңкестік шабуылдан елдің Қорғаныс министрлігінің зерттеулер мен инновациялар ұйымының басшысы, ғалым Мохсен Фахризаде өлтірілді. Бұл туралы Иран Қорғаныс министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін лаңкестер Қорғаныс министрлігі жанындағы зерттеу және инновация орталығының басшысы Мохсен Фахризадаға шабуыл жасады» делінген министрліктің хабарламасында.

Мохсен Фахризаде күзет қызметі мен лаңкестер қақтығысы кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады және бірнеше минут бұрын ол қайтыс болды» деп хабарлады елдің Қорғаныс министрлігі.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай