Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранда химия зауыты өртенді

2021 жылдың 2 мамыр 2021 15:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Иранның Кум қаласындағы химия зауытында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтау үшін 100-ден астам өрт сөндіруші жіберілді. Алапат жалынның таралуы тоқтатылды. Оқиға салдарынан өрт сөндіру автокөлігі бүлініп, екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Келеңсіз жағдайға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай