Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Ираннан есірткі контрабандасын ұйымдастырған 3 адам ұсталды - ҰҚК

2020 жылдың 24 ақпан 2020 18:02

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, олар есірткіні асқазанына салып тасымалдаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан302 героин капсуласы тәркіленді. Оның құны 50 миллион теңге, жалпы салмағы шамамен 1 кг
(5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрайды.




Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.





Басты сөздер: Есірткімен күрес, ҚР ҰҚК,
Жоғары қарай