Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранның ядролық объектісінде авария болды

2021 жылдың 11 сәуір 2021 23:12

ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат — Иранның атом энергиясы бойынша ұйымының ресми өкілі Бехруз Камальванди Натанзедегі ядролық объектіде авария болғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жексенбі күні таңертең Натанзеде уранды байыту арқылы электр энергиясын алу желісінің бөлігінде авария болды. Біздегі ақпарат бойынша бұл оқиға табиғатқа және адамзатқа қауіп тудырмайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Бехруз Камальванди.


Басты сөздер: Әлем, Энергетика,
Жоғары қарай