Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы бар – Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылдың 14 қазан 2021 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы бар. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдеріміз 2025 жылға дейінгі өнеркәсіп ынтымақтастығының бағдарламалық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдаған. Бұл бағытта Ресей Федерациясымен жүйелі ынтымақтастығымыз бар.Тек соңғы 2 жылдың ішінде ғана бірқатар ірі өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Лукойлмен» бірге майлағыш материалдарын өндіру зауыты, «КамАЗ-бен» бірге автомобильдің бөлшектерін шығаратын екі жоба, «Татнефтьпен» бірге шина шығаратын зауыт және өзге де бірқатар маңызды жоба бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Алайда, Мемлекет басшысының атап өтуінше, одақтың басқа елдерімен өнеркәсіптік ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толық ашылмай отыр.

«Ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы бар. Үкіметтерге интеграциялық өзара іс-қимылдың осы векторын күшейту турал тапсырма беру дұрыс болады деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай