Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ирландияда 12-15 жасар жасөспірімдерге вакцина салына бастайды

2021 жылдың 28 шілде 2021 15:56

ДУБЛИН. ҚазАқпарат – Ирландияда келесі аптадан бастап 12-15 жастағы жасөспірімдер коронавирусқа қарсы вакцина алуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Skynews агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ирландия вакцинация қарқыны бойынша Еуропада көш бастап тұрған елдер қатарында. Мұнда халықтың 70%-дан астамы толығымен вакциналанса, 84%-дан астамы екпенің бір дозасын салдырған.

Елдің сыртқы істер министрі Саймон Ковнидің айтуынша, Ирландия үкіметі қыркүйек айының бірінші жартысында 12-15 жастағы жасөспірімдерді толығымен вакциналауды жоспарлап отыр.

12-15 жастағы 250000 жасөспірімді иммундау келесі аптада басталып, жаңа оқу жылының басына дейін аяқталады.

Премьер-министр Михол Мартин айтқандай, демалыс күндері алғаш рет 12-15 жастағы жасөспірімдер вакцинациясын белсенді түрде жүргізу үшін екпе орталықтары ашылады.

Елде коронавирус жұқтырудың 294272 жағдайы тіркелді. Вирустан 5026 адам көз жұмған.

Дүйсенбіден бастап елде жабық мейрамханалар жұмысын қайта бастады.

Олар толық вакцинацияланғандарды немесе соңғы алты айда коронавируспен ауырып шыққандарды ғана қабылдайды.


Жоғары қарай