Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ішкі істер министрлігі автокөлікті тіркеудегі жаңашылдықтарды түсіндірді

2021 жылдың 15 қараша 2021 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі автокөлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудағы цифрлық жаңашылдықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі жолдағы көлік қозғалысы саласындағы цифрландыруға ерекше екпін қойып отыр. Оның ішінде мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру мен қолжетімдігін арттыру бағыты айрықша назарда тұр», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, көлік құралдарын тіркеу (жыл сайын 2,5 миллион) және жүргізуші куәлігін алу (жыл сайын 1 миллион) халық арасында ең танымал қызметтер.

ІІМ қаржы институттарымен бірлесіп ең танымал мемлекеттік қызметтердің бірі – автокөлікті сату және қайта тіркеу Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларына шығарылды.

Қазіргі кезде елдегі барлық қайта тіркеулердің төрттен бір бөлігі осы банктік қосымшалар арқылы өтеді (күн сайын 2,7 мыңнан астам).

Белгілі болғандай, ҚР ІІМ бұл қызметті тағы екі қаржы ұйымының (Еуразиялық банк және Фридом финанс) мобильді қосымшасына шығарады. Бұл қызмет сондай-ақ 102 мобильді қосымшада іске асырылатын болады.

«Енді сатушылар мен сатып алушыларға автокөлікті сату/сатып алу кезінде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ – барлық рәсім банктік қосымшада онлайн қолжетімді», - деді Ш. Тұрлыбек.

Жаңа қызметті пайдалана отырып, автомобильді сатушы мен сатып алушы Halyk Homebank қосымшасында сатуға/сатып алуға, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге, автокөлікті қайта рәсімдеу бойынша барлық қажетті құжаттарға қол қоюға, мәмілені растайтын құжаттарды алуға, сондай-ақ жаңа нөмірді алуға немесе автомобильдің бұрынғы мемлекеттік нөмірін сақтауға болады.

Сондай-ақ, қосымшада айыппұлдарды төлеу, құжаттандыру қызметтерін төлеу (төлқұжат/жеке куәлікті алу/ауыстыру) және басқа да көптеген функциялар бар.


Жоғары қарай