Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Іскерлік белсенділік индексі мамырда 0,6 ұлғайды – Ұлттық банк

2021 жылдың 10 маусым 2021 13:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов 2021 жылғы мамырдағы іскерлік белсенділік индексіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алынған бағалау нәтижесі бойынша іскерлік белсенділік индексі мамырда 0,6 ұлғайып, 51,1 (сәуірде – 50,5) құрады.

Бұл ұлғаюға қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 52,3-ке дейін (сәуірде – 50,7) артуы әсер етті. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыстағы көрсеткіштер 49,6-ға және 47,5-ке дейін төмендеді (сәуірде – 50,4 және 48,0).

Өңірлер бойынша мамырда 9 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсаруы,
8 облыста – нашарлауы байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Ақмола (57,6) және Қарағанды (56,6) облыстарында, төмен деңгейі Шығыс Қазақстан облысында (43,9) байқалды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылғы мамырда респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғанын атап өткен.

«Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 4,3 (сәуірде – 3,7) болды. Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады, салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері теріс баға алды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларына қатысты оптимизмі төмендеді: оларды бағалау 17,2 (сәуірде – 20,1) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуалы индексі аздап нашарлап, 10,7 (сәуірде – 11,8) болды.

2021 жылғы мамырда сауалнамаға 459 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 173, қызметтерде – 219», - деді Ж.Шаймарданов.


Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Экономика,
Жоғары қарай