Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Іскерлік белсенділік өнеркәсіп есебінен өсті – Ерболат Досаев

2021 жылдың 12 қазан 2021 10:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан экономкасында іскерлік белсенділік индексі құрылыс пен қызмет көрсету саласында бәсеңдеп, өнеркәсіпте артқан. Үкімет отырысында 9 айдың негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлемде инфляциялық қысымның күшеюімен және ақша-кредит талаптарын күшейтудің күтілуімен қатар жүретін әлемдік ішкі жалпы өнім мен іскерлік белсенділіктің өсуі байқалады.

Үшінші тоқсанда әлем экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамдары бойынша 2021-2022 жылдары қалпына келуді жалғастырады. 2021 жылы әлемде ішкі жалпы өсімнің өсуі 5,7% болады құрайды. Оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдер арасында Еуроаймақта – 5,3%, Қытайда – 8,5%, Ресейде – 2,7% өсім күтіледі», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдегі іскерлік белсенділік индексі 3 ай төмендегеннен кейін қыркүйекте қызмет көрсету секторы есебінен 52-ден 53-ке дейін артқан.

«Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі құрылыс пен қызметтердегі белсенділіктің 49,3-ке және 49,1-ге дейін төмендеуіне байланысты 49,8-ге дейін 0,4 тармаққа төмендеді. Өнеркәсіптегі индекс 50,9-ға дейін 1,8 тармаққа өсті», - деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай