Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр

2020 жылдың 5 сәуір 2020 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы хабарлады.

Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, коронавирусты жұқтырғандар санының қарқынды түрде өсуіне байланысты Испанияда төтенше жағдай режимі тағы 15 күнге созылады.

Вирусты жұқтырғандардың көбі Мадридте тіркелген — 34 188 адам. Екінші орында Каталония тұр— 23 460 адам. Испанияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 11 025 адамға жетті. Сауығып шыққандар — 30 513 адам.

Бұл елде COVID-19-бен күрестің жақсы нәтижелер беріп, жаңа жұқтыру жағдайларының айтарлықтай төмендеуі байқалғанына қарамастан, Испания үкіметі қатаң оқшаулау шараларын әзірге сақтап отыр. Сондықтан, ел билігі карантинді 26 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Медицина,
Жоғары қарай