Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испания министрлігінің өкілі Қазақстанның өлім жазасын алып тастауына жоғары баға берді

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Кристина Гайак Қазақстанның Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосылуын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл шешімнің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Испания өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияны қолдайтын ел ретінде Қазақстанның осынау батыл қадамын қолдайды. Мен өлім жазасын жоюды қолдайтын халықаралық топтардың талқылауларына, жұмыстарына қатыстым және Қазақстанның бұл қызметтегі маңызды рөліне куәгер де болған едім. Сонымен қатар аталған хаттаманы ратификациялау жолында маңызды әрі батыл қадам жасаған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқаризашылығымды білдіріп, көшбасшылығын жоғары бағалағым келеді», - деді Кристина Гайак.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасында саяси консультациялардың 6-раунды өткен еді.

Айта кетейік, осы жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.



Жоғары қарай