Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда баға өсімі 29 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияда тұтынушылық бағалар индексі биылғы қазан айында 5,4 пайызды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай мәліметті жұма күні корольдіктің ұлттық статистика институты жариялады.

Оның мәліметінше, «тұтынушылық бағаларының жалпы индексінің жылдық көрсектіші қазан айында 5,4 пайыз болды, бұл алдағы аймен салыстырғанда бір жарым еседей көп және 1992 жылдың қыркүйегінен бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш».

Агенттік индекстің өсіміне әсер еткен факторларды бөліп өтті.

Атап өткенде, институтта «көбіне электр энергиясы, сондай-ақ газ бен дизельдік отын бағаларының өсіміне» назар аудартты.


Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Тариф, Баға,
Жоғары қарай