Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда карантин аяқталғаннан кейін коронавирус жұқтыру оқиғасы 400%-ға артқан

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:54

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Испанияда карантин шектеулері алынғаннан кейінгі айда 18 564 коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Испанияда шектеу ережелері алынған сәттегі көрсеткішпен салыстырғанда вирус жұқтыру оқиғасы 400%-ға көбейген. 21 маусымнан бастап коронавирустан 99 адам көз жұмып, 1,1 мың науқас ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта елде 200-ден астам індеттің таралу ошағы бар. 21 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігі 141 адам инфекция жұқтырғанын хабарласа, 20 шілде күні корольдік үкіметі бір тәулікте 685 жұқтыру оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Елде 265 мың коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, одан 28,4 мыңнан астам адам қайтыс болды. Наурыздың ортасында Испанияда жоғары деңгейдегі дайындық ережесі енгізілді. Бұл шара тұрғындардың жүріп-тұруын шектеді. Ереже 21 маусым күні алынды.

Испанияда коронавирустың таралуы сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Дегенмен, шектеу ережелері алынғаннан кейін елде вирустың таралуы қайта өршіп жатыр. Осыған байланысты автономды облыстардың билік өкілдері қайтадан қатаң карантин ережелерін енгізуге мәжбүр болып отыр.


Жоғары қарай