Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда маска тағудан бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 09:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниядағы Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан халықаралық фестивальда франциялық режиссер, сценарийші және актер Эжен Грин медициналық маска тағудан бас тартқаны үшін аккредитациядан айырылып, байқаудан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмін көрсету кезінде режиссердің маска тағу бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан. Ақыры франциялық режиссер залдан қуылды. Басылым мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары актерді оған шағым түсірілетіні жайында ескерткен.

28 тамызда Париж билігі қала тұрғындарын көшеде жүргенде маска тағуды міндеттеген болатын. Ал 26 тамызда мұндай шешімді Марсель билігі де қабылдады. Көшеде немесе дүкенде маскасыз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ережелер қайта бұзылса, айыппұл сомасы 1,5 мың еуроға дейін көбеюі мүмкін.


Басты сөздер: Мәдениет, Карантин, Әлем,
Жоғары қарай