Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Италияда бір тәулікте 19 мың адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 25 қазан 2020 20:31

РИМ. ANSA. ҚазАқпарат – Италияның денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағат ішінде 19 143 адамнан коронавирус анықталғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар соңғы тәулікте қауіпті вирустан 91 адам көз жұмған.

1000-нан аса пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, 10 549 италиялық ауруханада ем алып жатыр.

Еске салсақ, коронавирустың ушығуына байланысты Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын күшейтуде. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі пандемияның ең қиын кезеңіне дайын болуға шақырды.




Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Коронавирус,
Жоғары қарай