Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Италияда карантин талаптары күшейтілді

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАпарат Covid-1 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап.

Грин-пассасыз Италия тұрғындары тек дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне және үй жануарларына арналған дүкендерге бара алады. 1 ақпаннан бастап коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі негізінде алынған ковид-сертификат банктердің бөлімшелеріне, пошта мен мемлекеттік мекемелердің кеңселеріне бару үшін қажет болады. Сондай-ақ ақпан айынан бастап билік 50 жастан асқан адамдарға міндетті вакцинация енгізеді.

Рио-де-Жанейро мен Сан-Паулудағы самба мектептерінің дәстүрлі карнавалдық шеруі коронавирустың омикрон штамының таралуына байланысты сәуірге ауыстырылды. Шешімді елдің екі ірі мегаполисінің мэрлері Эдуард Прайс пен Рикардо Нунес бірлесіп қабылдады.

Чехия құрамасының алты хоккейшісі Олимпиадаға дайындық кезінде коронавирус жұқтырды. Ауру ойыншылардың есімдері жарияланбайды. Команданың жаттықтырушысы Филип Пешан вирус жұқтырған спортшылар дереу оқшауланғандығын мәлімдеді.


Жоғары қарай