Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Италияда коронавирустан жетінші адам қайтыс болды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 09:08

РИМ. ҚазАқпарат – Италияда дүйсенбі күнгі мәлімет бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап.

Олардың бесеуі бір тәулікте көз жұмған. Елдің солтүстігінде COVID-19 вирусын жұқтырды деп 220 адамға диагноз қойылды. Олардың көпшілігі – Ломбардия мен Венетода.

Билік солтүстік Италиядағы барлық мектеп, университет, мұражай мен кинотеатрларды кемінде бір аптаға жапты, сондай-ақ бұқаралық шараларға, оның ішінде танымал Венеция карнавалына тоқтатылды. Мейрамханалар жабық, көптеген компаниялар қызметкерлеріне үйден жұмыс істеуге рұқсат берді. Жалпы алғанда 50 мыңнан астам адам тұратын 11 елді мекен вирустың таралу қаупіне байланысты карантинге жабылды. Билік осы шаралар бір апта ішінде инфекцияның таралуын тоқтату үшін жеткілікті болады деп үміттенеді.

Италияда көлемі бойынша екінші қала, қаржы астанасы 1,3 миллион адам тұратын Миланда қаланың бас готикалық шіркеуі жабылды, «Ла Скала» опера театрында қойылымдар тоқтатылды, А сериялы футбол чемпионатының матчтары кейінге шегерілді.

Италияның турист индустриясы айтарлықтай шығынға ұшырайды. Сарапшылар елдің өнеркәсіптік аудандарында коронавирустың өршуіне байланысты Италия экономикасына рецессия қауіп төндіруі мүмкін деп ескертті. Италия қор нарығы дүйсенбі күні шамамен 5%-ға төмендеді.

Еске сала кетсек, дүйсенбі күні Ломбаридия губернаторы Аттилио Фонтана коронавирустан бесінші құрбан 84 жастағы қарияның ауруханада көз жұмғанын растады.





Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Еуропа,
Жоғары қарай