Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Италияда Помпеи қаласы маңынан ежелгі заманғы күйме табылды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италиядағы ежелгі Помпеи маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде салтанатты рәсімдерге арналған үлкен күйме табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Оны бұған дейін үш жылқының қаңқасы шыққан атқораның орнынан тапқан.

Төрт дөңгелегі бар темір және қола әшекейлермен безендірілген бұл күйме тек мерекелер мен шерулерде пайдаланылған деп есептейді ғалымдар. Олардың ресми хабарламасында құнды олжаның сол қалпында сақталғандығы айтылған.

Помпеи тарихи саябағының директоры Массимо Осаннаның сөзіне қарағанда, Италия аумағында мұндай күйме бұрын-соңды болмаған. «Оны 15 жыл бұрын Грекия солтүстігіндегі Фракия аумағында табылған құнды жәдігерлермен ғана салысытуға болады», - дейді Осанна.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай