Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Италияда вирустың таралуы бәсеңдей бастады - Le Figaro

2020 жылдың 3 сәуір 2020 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы екі аптада Еуропа бойынша Италияда коронавирустың таралуы жылдам өршіп жатыр. Италия халқы пандемияның шарықтау шегін күтуде. Себебі одан кейін жадай оңалады деген үміт бар, деп жазады Le Figaro.

«Италияда жалпыұлттық карантин жарияланғаннан кейін 20 күн өткен соң Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Италияда коронавирус пандемиясы 7-10 күннен кейін шарықтау шегіне жетеді деп мәлімдеді. Ал Денсаулық институтының директоры Сильвио Брусаферроның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны азаймағанымен, вирустың бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, бұл жағдайды сақтап қалу үшін карантин мен оқшаулану тәртібін бәсеңдетіп алмау керек» деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, Италияда 19-29 наурыз аралығында күніне 5-6 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталып отырса, 30-31 наурызда бұл көрсеткіш күніне 4-5 мың адамды құрады.

«Ломбардиядағы инфекция ошағы саналатын Кодого мен Бергамода, яғни, алғашқы инфекция ошағында жедел жәрдем көмегіне жүгіну екі есе азайды. Мамандардың айтуынша, қабылданған шешімдер 38 мың адамның өлімінің алдын алған» деп жазады автор.


Жоғары қарай