Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Израиль әуе күштері Газадағы Associated Press пен Al Jazeera кеңселерінің ғимаратын жойды

2021 жылдың 15 мамыр 2021 20:28

ГАЗА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Израильдің әскери әуе күштері Газадағы америкалық Associated Press ақпараттық агенттігі мен Катардың Al Jazeera телеарнасының кеңселері орналасқан биік ғимаратқа әуе соққысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Одан бөлек, «Анадолы» агенттігінің дерегінше, ғимаратта медициналық пункттер, адвокаттық кеңселер мен көптеген пәтерлер болған.

13 қабатты ғимаратта Палестина анклавының бірқатар аудандарын интернетпен қамтитын мұнаралар орнатылған.

Газадағы Al Jazeera тілшісі Ваил Аль-Дахдух әуе соққысы алдында Израиль қорғаныс әскерінің (ЦАХАЛ) ғимаратты эвакуациялауға бір сағат бергенін атап өтті.

10 мамырда Газа секторындағы палестиналық қарсылық топтары Израиль полициясынан Шығыс Иерусалимдегі басып алынған әл-Ақса мешітінің аумағы мен Шейх Джаррах кварталынан жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін кетуді талап етті.

Израиль полициясы бұл шартты орындаудан бас тартқан соң, палестиндік топтар Израильге қарай зымырандар ұшырды. Осыдан кейін Израиль армиясы Газа секторына қарсы «Қабырғаларды қорғаушы» деп аталатын әскери операцияның басталғанын хабарлады.

Жоғары қарай