Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Израиль Газадағы ХАМАС көшбасшысының үйін талқандады

2021 жылдың 16 мамыр 2021 20:19

ГАЗА. ҚазАқпарат – Жексенбі күні түнде және таңертең ХАМАС жауынгерлері Израильге зымыран шабуылын жалғастырды, ал Израиль әскерилері Газа секторына жаңа соққылар жасады. 2014 жылдан бергі ең үлкен қақтығыс жетінші күнге созылды және деэслакация белгілері көрінер емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, соққылардың бірі ХАМАС тобының саяси көшбасшысы Яхья Синвардың үйіне тиген. Бұл уақытта үйде біреудің болған-болмағаны әлі белгісіз.

Таңертең Израиль қорғаныс армиясы үйдегі жарылыстың суреттерін жариялады.

Тағы бір әуе соққысы ХАМАС қозғалысының «Джабалия» батальоны командирінің үйіне түскен.

Израиль әскерилері екі үйде де топтың террористік инфрақұрылымы болғанын хабарлады.





ХАМАС өкілдерінің мәлімдеуінше, жексенбі күні таңертең Газада 26 адам қаза тапқан. Осылайша, қайтыс болғандардың жалпы саны 174-ке жетті, оның ішінде 47 бала бар.

Израильде он адам мерт болған, оның ішінде екі бала бар.

ХАМАС жауынгерлері Израиль аумағын зымыранмен атуды жалғастырды, салдарынан көптеген тұрғындар бомбадан қашуға мәжбүр болды. Израиль әскерилерінің мәліметінше, бір түнде палестиналықтар Израильге қарай 120-ға жуық зымыран атқан.




Жалпы алғанда, эскалация басынан бері Израиль армиясының мәліметінше, Палестина топтары Израиль аумағында 2900-ге жуық зымыранды атқан, оның 1150-ін «Темір күмбез» жүйесі ұстап алды. Ал 450 зымыран Газаның өзіне құлаған, деп хабарлайды Израиль қорғаныс армиясы.

Жексенбі күні кешке осы қақтығысқа арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы белгіленді.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және Батыс жағалаудағы Палестина әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Сейсенбі күні еуродипломатия басшысы Жозеп Боррел ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыстың ушығуын Еуроодақтың Сыртқы істер басшыларымен талқылайды.

Жоғары қарай