Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кабулда бензин тасымалдаушы көлік өртенді: 9 адам опат болып, 14-і зардап шекті

2021 жылдың 2 мамыр 2021 18:02

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстан астанасы Кабулдың солтүстігінде сенбі күні кешке болған өрт салдарынан 9 адам көз жұмды, тағы 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат TOLO news-ке сілтеме жасап.

Кабулдың іргесіндегі аудандардың бірінде бензин тасушы көлікте жарылыс болған. Көп ұзамай өрт басқа бензин тасушыларды, сондай-ақ жақын маңдағы жүк көліктері мен автомобильдерді шарпыған. Куәгерлердің айтуынша, барлығы 50-ге жуық көлік зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты Кабулдың көптеген аудандарын электрмен жабдықтау үзіліп, оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары әзірге белгісіз.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай