Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Кадрлық резерв өкілі БҚО-да басшылық қызметке тағайындалды

2020 жылдың 6 ақпан 2020 17:26

ОРАЛ. ҚазАқпарат –Президенттік жастар кадрлық резерві өкілі Сәбит Мұқанов БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев С.Мұқановты ұжымға таныстырып, жаңа жұмыс орнында табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.

Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, Сәбит Сейітқалиұлы 1988 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2008 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін техник-бағдарламашы, 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін ақпараттық жүйелер, 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бағалау мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Азимут консалтинг групп» ЖШС маманы болып бастап, 2016 жылға дейін сол қызметті атқарды. 2016-2019 жылдары Мәртөк ауданы кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы болды.


Жоғары қарай