Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кадрлық резервпен кездесу: Президентке балаларды қорғау жүйесін өзгерту ұсынылды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның балалар құқығын қорғау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде «Өскемен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық және қорғаншылық органы, балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Юлия Овечкина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар құқығын қорғау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынамын. Біріншіден, біз жұмысымызда алдын алу шараларына басымдық беруіміз қажет. Салдарын жою емес, дағдарысты жайттың туындайтындығын ескерту маңызды. Бұл нашар отбасылар санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Президенттік кадр резервіне енген Ю.Овечкина.

Оның айтуынша, екіншіден, балалар құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар суициді, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, барлық отбасының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерімен айланысатын барлық өкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейткен жөн.

«Үшіншіден, ерте мониторингілеудің тиімді жүйесін қалыптастыру маңызды. Ол тәуекел аймағында тұрған отбасыларды ерте кезеңде анықтауға және олардың өмірлік қиын жағдайға душар болмауына мүмкіндік беруі тиіс. Төртіншіден, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен дайындалған әрі білікті, балалар психологиясы мен отбасылық жанжал саласында білімі бар мамандар ғана айналысуы тиіс. Осы ұсыныстар балалар құқықтарының бұзылу фактілерін жоюға, қазақстандық отбасылардың проблемаларын тиімді шешуге және өкілетті органдардағы бюрократиядан арылуға мүмкіндік береді», - деді Юлия Овечкина.


Жоғары қарай