Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі

2021 жылдың 20 қазан 2021 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова көптеген ата-ананы алаңдатқан оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек», - деп жауап берді вице-министр тілші сұрағына Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр. Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды.

Ш. Қаринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.


Жоғары қарай